Жақында ғана екінші мәрте шаңырақ көтерген бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның келіншегі қалай танысып, отбасын құрғаны туралы айтып берді, деп жазады Alash.kz.
Махмұдтың жары Айғаным өзінің Instagram парақшасында жұбайымен ата-анасының таныстырғанын, ұзақ жүрмей үйленгендерін жасырмады.

Бір жыл бұрын Назым есімді арумен бас қосып, артынша ажыраған әлем чемпионы осы үшін желіде хейтке қалды. Айта кетейік, Назым өз парақшасында Махмұд екінші рет үйленбестен бір апта бұрын ғана сәбилі болғандарын жариялаған.