Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұрынғы Сенат және Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі атанды.
«Құрметті достар бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына ендім.
Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім білдіргені үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа QASYM-JOMART TOQAYEV шынайы алғысымды білдіремін!
Алда атқаратын жұмыс көп. Еліміздің дамуы үшін бар күш-жігерімізді салып, еңбек етуге дайынбыз!», – деп жазды ол.