Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үлкен жауапкершілік! Халық пен президент берген баға”: Сүйінші! Еділ Жаңбыршин қуанышты жаңалығын бөлісті

20:14, 20 қаңтар 2026

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин «Барыс» орденімен марапатталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“ХАЛЫҚ ПЕН ПРЕЗИДЕНТ БЕРГЕН БАҒА

Президент Ұлттық құрылтай мен Парламент Мәжілісінде ел үшін атқарған қызметімді жоғары бағалап, өзінің Жарлығымен мені III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Бұл марапат — жеке еңбегімнің ғана емес, әріптестерімнің қолдауы мен жанұямның сенімінің нәтижесі.

Жоғары мемлекеттік наградаға бірнеше әріптестерімде ие болды, оларды шын жүректен құттықтай отырып, еңбегімізді бағалаған Мемлекет басшысы — Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға және маған үнемі қолдау білдіріп келе жатқан халқыма зор алғысымды білдіремін.

Елге қызмет ету — мен үшін әрдайым үлкен жауапкершілік әрі мәртебе”,- деп жазды Еділ Жаңбыршин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар