Ресей Президенті Владимир Путин БҰҰ және бірқатар елдердің қамқорлығымен Украинада уақытша сыртқы басқару енгізу мүмкіндігін талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Путиннің айтуынша, Украинадағы азаматтық билік органдары заңды емес – Зеленский легитимді емес болса, онда басқалары да заңды емес.
Жалпы алғанда, БҰҰ, АҚШ, еуропалық елдер, әрине, біздің серіктестеріміз бен достарымыздың қатысуымен Украинада уақытша басқару енгізу мүмкіндігін талқылауға болады.
Бұл – демократиялық сайлау өткізу, халықтың сеніміне ие қабілетті үкіметті билікке әкелу үшін қажет. Содан кейін олармен бейбіт келісім жөнінде келіссөздер бастауға болады.
Осы үкіметпен әлем мойындайтын және сенімді заңды құжаттарға қол қоюға болады. Бірақ бұл – тек бір нұсқа. Басқа жолдар да болуы мүмкін. Дегенмен, БҰҰ тәжірибесінде мұндай тәжірибелер бар”,– деді Путин Мурманскідегі “Архангельск” зымырандық суасты крейсерінің экипажымен кездесу кезінде.