Кеше кешке Ақ үй басшысы министрлер кабинетінің басын қосып, біраз маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ Әшкере арнасына сілтеме жасап.
Сонымен, Трамп қандай мәлімдеме жасады?.
• АҚШ Украинаға ешқандай қауіпсіздік кепілдігін бермейді, бұл Батыстың бас ауруы.
• Біз Франция мен Ұлыбританияның Украина территориясында бітімгершілік күштерін орналастыруын қолдаймыз.
• Украина НАТО-ны ұмыта берсе болады, бұл қол жетпес арман.
• Минералды ресурстар жөніндегі келісімнің арқасында біз Украинаға бөлген 350 миллиард долларды қайтарып, болашақта одан да көп пайда таппақшымыз.
• Зеленский ертең ұшып келеді. Біз енді оған бір тиын да бермейміз. Керісінше, берешекті қайтарумен айналысамыз.
• ЕуроОдақтың тауарларына 25% баж салығын енгіземіз. Бұл ұйым Құрама Штаттардың артықшылығын пайдалану үшін құрылды және олар мұны сәтті жүзеге асыруда.
• Путин өте ақылды әрі айлакер саясаткер. Мен Украина мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келеміз деп сенемін.
• Қақтығысты шешу үшін Ресей де кері шегінуге мәжбүр болады.
• Кремльге салынған санкцияларды Украинаға қатысты мәселе түбегейлі шешілгеннен кейін ғана жоямыз.