Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина Мәскеу шешіміне байланысты қылмыстық іс қозғады. Зеленский азаматтарға үндеу жолдады

06:16, 22 ақпан 2022 264
[ad_1]



Ресей президенті Владимир Путин "Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін" мойындау туралы шешім қабылдағаннан кейін Украина бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде 21 ақпанда Facebook парақшасында Украина бас прокуроры Ирина Венедиктова хабарлады.


Оның сөзіне қарағанда, билік өкілінің мемлекет шекарасын өзгерту туралы үндеуіне тыйым салатын Украина қылмыстық кодекс бабы бойынша іс қозғалған.


"Біздің прокурорлар осы іске бел шешіп кіріседі. Бұл жабық клуб мүшелері шекараға шопинг жасаудан қалады – уәде береміз" деді Венедиктова.



Ол мәселеге "эмоциямен" түсініктеме бере алмайтынын, ал заң бойынша бас прокуроратура кеңсесі "қылмысты тіркеп, процессуалдық істерді жүргізу ісіне жауапты" екенін айтты.


Дүйсенбі күні Ресей Украина шығысындағы сепаратистік республикалардың тәуелсіздігін мойындап, ол жаққа әскер жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін 22 ақпанға қараған түні Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеу жолдады. Ол Ресейдің әрекеті мен мәлімдемесіне қарамастан Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған шекарасы өзгермейді деді.


"Басып алынған Донецк мен Луганск облыстарының тәуелсіздігін мойындау бұл Ресейдің біржақты түрде Минск келісімінен кеткенін көрсетеді. Бұл бейбітшілік іс-қимылдары мен келіссөз форматына нұқсан келтіреді. Бүгінгі және ертеңгі ықтимал шешімдері арқылы Ресей 2014 жылдан бері іс жүзінде Донбаста болған әскерін заңдастырады. Сегіз жыл бойы соғысқа дем берген мемлекет өзі айтқан бейбітшілікті қамтамасыз ете алмайды" деді Зеленский.


Ол ЕҚЫҰ аясында арнайы жиын мен Норман төрттігі форматындағы шұғыл отырыс өтетінін хабарлады.


Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге өтініш берген.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар