Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қазір немен айналысып жүргенін айтты, деп жазады Alash.kz.
Экс-әкім бүгінде такси жүргізуші болып нәпақасын тауып жүргенін айтты.
- Қазір үшінші күн болды, күн-түн демей таксист болып жүрмін. Өзімнің көлігім жоқ. Көлікті жалға аламын. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырауым керек. Бұрынғы әкім – қазіргі таксист болып жүрмін. Түнгі үшке дейін жүрдім. Жоспар бойынша күніне 18 500 теңге жасау керек, – деді Арыстанбек Әбілқайырұлы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында.
Еске сала кетейік,Талғар қаласының әкімі қызметін бір жыл екі ай атқарған Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты биыл 12 ақпанда отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.