Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Уақытты босқа құртпайын деп әскерге барып едім: Комадан шыққан Нұржігіт өзін әскерде қалай қорлағанын айтып берді

17:23, 05 қыркүйек 2024 3100

Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаған түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпатта басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға Жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жеткізілген. Ол комада 20 күн жатып, кейін Қордайдан Алматыдағы ауруханаға ауыстырылды. Қалалық ауруханаға жеткізіліп жүрек соғысы дұрысталып, жағдайы жақсарған. Алайда толықтай жазылып шығуы үшін әлі де уақыт қажет болды.

Қазіргі уақытта Нұржігіт ауруханаға күнделікті қаралып, физиотерапия, диагностикадан өтіп жүр екен. Өзін жақсы сезінетінін де айтты.

"Әскерге өз қалауыммен бардым. Әскери борышымды өтеп қайтқым келді. Қашықтан оқып жүрген соң уақытты босқа өткізбейін деп, әскерге бардым. Бірдеңе үйренгім келді", – деді Нұржігіт. 

Сондай-ақ ол өзін соққыға жыққан сержант туралы баяндап берді. 

"Оның аты Дастан. Негізінде ол рота сержанты болды. Өзі үнемі ашуға булығып жүретін. Сол себепті онымен ешкім араласпайтын. 22 күні түнде ұстамам ұстап қалды. Себебі, мен мұндай күнделікті кестеге үйренбеген едім. Ұзақ уақыт жүру, жүгіру стрессінен ұстама пайда болды. Содан түнде  ұстаманың кесірінен ұйықтай алмадым. Бұл туралы командирлерге шағымдандым. Сосын ол медбикені шақырды. Ол маған "бұл қалыпты жағдай" деді. Дәрі жазып беріп, оны ішкен соң бәрі жақсарды”, – дейді ол.

Нұржігіт сержанттың өзін қалай соққыға жыққанын, жағдайдың қалай болғанын айтты. 

“Осыдан кейін, 6-шы күні, тамағым ауырып, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Сол кезде сержанттың жаныма қалай келгенін байқамай қалдым. Кеудеден төмен, өкпеден ұрды. Мен еңкейіп, ыңылдадым. Сосын ол мені бір-екі рет тыныс жолымнан ұрды. Осыдан кейін әскерде жағдайым нашарлай бастады. Жүгіргенде ең соңынан келетін болдым. Бірнеше күн дұрыс тамақтана алмадым. Ол мені өзімен өзі, жай ұрды”, – деді ол. 

Сарбазға пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің бастапқыда медицина орталығына жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар