Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы жағдайды айтып берді, деп жазады Alash.KZ.
2024 жылы шілде айында Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7 қабатынан 24 жастағы қыз құлап қайтыс болған еді.
Марқұм Ақнәр Хамитованың анасының айтуынша, қызы өздігінен құлаған жоқ. Қызымды тырнағы мен саусағын жұлып, азаптап өлтірді дейді.
Марқұмның анасының айтуынша, Ақнәр қайтыс болған кезде пәтерде тағы екі қыз болған. Оның туыстары қыздың денесін мәйітханадан алып, жуған кезде азаптау іздерін байқаған.