Италияда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоров спорттық мансабындағы маңызды жеңісінің алдында көрген ерекше түсі туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Мәнерлеп сырғанаушының айтуынша, танымал боксшы Геннадий Головкин кірген түс оған шешуші сәтте зор күш-қуат берген. Спортшы психологиялық тұрғыдан қиналған кездерінде атақты чемпионның тұлғасы мен жетістіктері алға жылжуға септігін тигізгенін атап өтті.
Мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада қарсаңында Геннадий Головкин туралы деректі фильм немесе сұхбат көргенін, соның әсерінен түнде ерекше аян берілгенін жеткізді. Ол түсінде боксшыны Азия ойындарындағы танымал пальтосымен көрген. Бұл оқиға Шайдоровтың еркін бағдарламаға шығар алдындағы ішкі дайындығы мен рухына тікелей әсер еткен.
Михаил Шайдоров бұл сәтті былай деп еске алады: «Түсіме екеуміздің бір конференция залында кездескеніміз кірді. Оның үстінде Азия ойындарында киген пальтосы бар екен. Мен еркін бағдарламаға шығар алдында Геннадий Геннадьевичті көргендей болдым... ол маған ерекше күш берді. Бойымды үлкен энергия мен сондай бір аура кернеп кетті. Бұл мен үшін тілмен айтып жеткізгісіз сезім болды».