Түркияның астанасы Анкара қаласында автобус апаты болды. Салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмып, 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Қайғылы хабар хақында Анкара губернаторы Вас ип Шахин хабарлады.
Қала басшысының айтуынша, автобус Полатлы ауданындағы Анкара-Эскишехир тас жолындағы эстакада тірегіне құлаған.
Губернатордың айтуынша, апаттың себептері анықталып жатыр
«Оқиға орнында көлік дөңгелегінің ізі жоқ, яғни, жүргізуші ұйықтап кетуі мүмкін деген болжам бар», - деп қосты ол.
Синьхуа хабарлағандай, жол апаты болған жерге өрт сөндіру бригадалары, сондай-ақ іздестіру-құтқару және медициналық командалар жіберілді. Апат болған жол уақытша жабылды.