«Елімізде 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісіне байланысты бүкіл елде жеті күндік аза тұту жарияланды. Барлық ұлттық және шетелдік өкілдіктеріміздегі туымыз 2023 жылдың 12 ақпаны, жексенбі күні күн батқанға дейін жартылай тұйық болады» деді Ердоған.
Еске салсақ, 6 ақпанға қараған түні Түркияда магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болған. Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Оның үстіне күннің екінші жартысында тағы бір – 7,8 балдық одан да күштірек жер сілкінісі болған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты, 8,5 мыңға жуық адам жарақат алды, сонымен қатар көршілес Сирияда да көптеген құрбандар бар.