Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

06 ақпан 2023 137

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ.



Түркияда таңға жуық 7,4 күштілігі балл болатын жер сілкініп, соңғы мәліметтер бойынша, 500-дей адам қаза тауып, 2300-ден астамы жараланып, 1700-ден астам ғимарат қираған.






Эпицентрі Қахарманмараш қаласы болған алапат табиғи апаттан Килис, Диярбақыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыұрпа, Адияман, Малатия мен Хатай өңірі де зардап шекті. Іздестіру, құтқару жұмыстары жалғасуда. Жер сілкінісінен сондай-ақ Сирияда да жүздеген адам қаза болып, үйлер қираған.



Бауырлас түрік елінің басына түскен қиындыққа ортақтасып, мерт болғандар отбасына көңіл айтамын. Жараланғандар тез сауығып қатарға қосылсын, бұдан былай мұндай апат болмауын тілеймін!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?