Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркия президентінің айлығы біздің әкімдерден аз

09:28, 15 желтоқсан 2022 278
Президент Режеп Тайып Ердоғанның таза алатын жалақысы 66 445 лира. Бұл төл валютаға шаққанда шамамен 1 669 763 теңге, деп хабарлайды alash.kz.


Президент Режеп Тайып Ердоған айына қанша жалақы алатынын елдің вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет басшысы теңгеге шаққанда айына 1,5 миллион теңгеден астам ақша табады екен. Бұл қазақстандық әкімдердің айлығына қарағанда біршама аз.




Мәселен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2 миллион теңгеден астам жалақы алса, Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеев 1 миллион 900 мың теңге жалақы алып келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар