Түркістан облысында «Газель» өртенді. Көлік ішінде жүргізуші мен 16 оқушы болған.Бұл туралы Turkistan басылымы мәлімдеді.
Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.
Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында орын алған.
Төтеншеліктердің мәліметінше, көлік толығымен өртенген. Жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгеріпті.
Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.