Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияда теракт болды

08:49, 24 қазан 2024 147

Анкараның Кахраманказан ауданындағы Түрік аэроғарыш өнеркәсібі (TAI) нысандарына лаңкестік әрекет жасалды, деп жазады Alash.KZ.

Объекттер алдында атыс пен жарылыстар естілген. Бұл жағдайға байланысты Ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеме жасады.

«Анкараның Кахраманказан нысандарына теракт жасалды. Өкінішке қарай, құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Алла рахымына алсын», – деді министр. 

Мәлімдемеде құрбандар мен жараланғандардың нақты саны айтылмады... 

Бейнебақылау камераларына жазылған видеода аэроғарыш компаниясының ғимаратына барған сары көлік көрінеді.

Лаңкестер көліктен шығып, адамдарға оқ жаудырған.

Шабуыл жасағандар арасында әйел де болуы мүмкін.

ІІМ басшысы 3 адам қаза тауып, 14 адам жараланғанын хабарлады. Екі лаңкестің көзін жойған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?