Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Түріңді жинап алшы!»: Еркебұлан Тоқтар фильм тұсаукесерінде күзетшімен дауласып қалды (ВИДЕО)

17:31, 23 маусым 2026

Отандық танымал актер Еркебұлан Тоқтар өзі басты рөлдердің бірін сомдаған «Бишарашки» туындысының ресми тұсаукесерінде кинотеатр күзетшілері тарапынан дөрекілікке тап болып, соңында өз фильмінің премьерасына кіре алмай шарадан кетіп қалды, деп жазады Alash.kz.

Бұл келеңсіз жағдай туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, кинотеатрдың қауіпсіздік қызметкерлерінің көрсеткен қызметі мен әдепсіз іс-әрекеттеріне қатты ренжігенін әрі көңілі толмағанын ашық жеткізді. Оның айтуынша, салтанатты шара басталмас бұрын ол жиналған қалың көрерменмен бірге болып, жанкүйерлеріне барынша уақыт бөліп, олармен естелік суретке түскен. Алайда, осыдан кейін тікелей кино залына өтпек болған сәтте күзетшілермен арада күтпеген кикілжің туындаған. Актер өзімен бірге жүрген мобилографының сыртта қалып қойғанын байқап, оны да ішке бірге кіргізуді өтінген кезде, күзетшілер оған дөрекі жауап қайтарып, тіпті намысына тиетін сөздер айтқан.

Орын алған оқиғаға байланысты актер Еркебұлан Тоқтар өзінің желідегі жазбасында мынадай мәлімдеме жасады:

«Бір сағаттай уақыт мыңға жуық адаммен суретке түстім. Кейін залға өтейін десем, мобилографым қалып қойыпты. Күзет қызметкерлерінен оны бірге өткізіп жіберуді сұрадым. Бірақ олар дөрекі сөйлеп, тіпті біреуі маған «түріңді жинап алшы» деді. Бұл сөз қатты әсер етті».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар