Белгілі актер әрі КВН жұлдызы Нұрсұлтан Жақсыгеннің пікірі үшін желідегі оқырмандар оның үстінен шағымданды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Сүйіп қосылған әйелімен ажырасып атағы шыққан актер өзіне хейт жазған оқырманына тіл тигізген.
"Бұрынғы әйелі Фаризаға "сырты жылтырап тұр, іші лас" дегендей жазба жазыпты. "Сен ше? Сенің де ішің іріңге толып қалыпты ғой, қалқам" деген пікір қалдырдым. Таңертең тұрсам маған жаман өздер жазыпты", - дейді желі қолданушысы.
Нұрсұлтан Жақсыген оған:
"Түрің малға ұқсайды. Соғымға сою керек сені", деп пікір қалдырған.
Желі қолданушылары актердің үстінен арыз түсіру керектігін жаппай жазып жатыр.