Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны төмендету мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй сатып алу үшін рәсімделетін ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету бойынша қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Тұрғындар үшін тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
«Тұрғын үйді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, бастапқы жарна мөлшерін төмендету тетіктерін енгізуге қатысты қосымша ұсыныстар әзірленсін», — деді Олжас Бектенов.