Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бельгия Королі Филипп Қазақстанның әлемдік экономикадағы рөлін жоғары бағалады

19:11, 13 қазан 2026

Бельгия Королі Филипп Қазақстанның әлемдік экономикадағы маңызды рөлін атап өтіп, екі ел арасындағы энергетика, инвестиция, логистика және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды, деп хабарлайды Alash.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Бельгия экономикалық байланыстарды кеңейтпек

Король Филипптің айтуынша, Бельгия Еуропалық одақтың орталығында орналасқан және еуропалық нарыққа шығуда маңызды рөл атқарады. Ал Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық мемлекеттердің бірі саналады. Ол Қазақстанның географиялық орналасуы мен табиғи ресурстары елдің халықаралық сауда, инвестиция және жасыл экономика салаларындағы әлеуетін арттыратынын атап өтті.

Бельгия Королі екі елдің бизнес өкілдерін энергетика, аса маңызды минералдар, көлік-логистика, қаржы және туризм бағыттарындағы серіктестікті жандандыруға шақырды.

«Бельгия мен Қазақстанның арасы географиялық жағынан алшақ болғанымен, мақсат-мұраттарымыз, амал-әрекеттеріміз және табандылығымыз тұрғысынан өте жақын елдерміз», – деді Король Филипп.

Айта кетейік, Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға 11–14 қазан аралығында мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар сауда мен инвестиция көлемін арттыруға, көлік-логистика, жаңартылатын энергетика және инновациялық технологиялар саласындағы байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар