Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпуста бірқатар маңызды кадрлық ауыс-түйістер жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар ол Вена қаласында орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі міндетін қатар атқаратын болады.