Қазақстан Республикасының Президенті дипломатиялық өкілдіктердің құрамын жаңартуды жалғастырып, кезекті кадрлық шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін де қоса атқарудан босатылды.
Айта кетейік, Президенттің өзге де Жарлығымен Еркін Валитханұлы Тұқымов бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне бекітілген болатын.