Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызды 12 адамға сатқан»: Түркістан облысындағы оқиғаға күдікті рақымшылыққа ілінген (ВИДЕО)

15:47, 13 қазан 2026

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында туысқан ағасы бойжеткен қызды алдап-арбап, сегіз ай бойы 12 адамға зорлықпен сатқан сұмдық жағдай белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жантүршігерлік оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында басталған. Түркістан облыстық Полиция департаменті аталған оқиға бойынша бір адамды ұстағанымен, оған зорлық-зомбылық бабы емес, тек «интимді видео таратты» деген айып тағылып, 3,6 жылға ғана сотталған. Тіпті сорақысы – ол рақымшылыққа ілініп, жазасы жеңілдетілген. Ал полиция қызға жәрдем бермек болған заңгер мен тағы бір азаматтың үстінен керісінше қылмыстық іс қозғаған.

Осы мәселеге байланысты берілген ресми түсініктемеде:

«Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның негізінде 1/5 бөлігіне қысқарып, 2 жыл 10 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған», — делінген.

Бойжеткеннің өзі былтыр берген сұхбатында 45 жастағы туыс ағасы оны «көлік жүргізуді үйретемін» деп сыртқа шығарып, алғаш рет қорлағанын, кейін онысын таспаға түсіріп алып, бопсалау арқылы тәнін саудалағанын айтқан еді. Өзінің басынан өткен ауыр азапты еске алған бойжеткен:

«Бір кісіге 3-4, тіпті 5-6 рет деген сияқты. Қанша қарызы бар, сол қарызын өтегенше… Мен оларға да жалындым. Жіберуін сұрадым. Олар «Мен сені сатып алғанмын, мен не айтсам соны істейсің» деп айтатын», — деп жанайқайын білдірді.

Кінәлілердің бостандықта тайраңдап жүргеніне күйінген зардап шегушінің әкесі:

«Олар қызымды қорқытқан, пышақ көрсетіп, соямын деп шошытқан, соққыға жыққан. Соңында осыған мәжбүрлеген. Енді сот қайда? Кінәлі адам қалай қамалды? Істі қалай жауып, шығып кетткен? Олар қазір құтырып, бостандықта емін-еркін жүр. Көлігімен ары-бері өтіп бара жатып, сигнал басып, мазақтап өтеді. Ертең біздің намысымызға тиетін бірнәрсе қылса не болады сонда?!» — деп ашынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар