Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы 115 жылдан кейін тұңғыш рет ағылшын тіліне аударылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қуанышты жаңалықты Берклидегі қазақ ғалымы Жадыра Еркеш желідегі парақшасында жариялады.
1911 жылы жарық көрген кітапты америкалық жазушы, аудармашы Джейк Завлацки аударған.
«Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса»..
Ахмет Байтұрсынов кітабын масаға балады: кішкентай, бірақ ұйқыны бұзады. «Біздің» деген сөз жалғыз ақынның емес, «оян, қазақ!» деп жар салған Алаш зиялыларының ортақ үнін білдіреді.
«Қанған жоқ па әлі ұйқың?»
- деп халқына сұрақ қойды.
1937 жылы Ахмет Байтұрсынов жазықсыз ату жазасына кесілді, ал есімі мен еңбегі 1989 жылға дейін жасырын қалды.
Бүгін сол ызың ағылшынша да естіледі.
Ахмет ата, сіздің үмітіңізді ақтауға тырысып жүрміз», – деп жазды Жадыра Еркеш.