Қазақстанның Балқаш өңіріне Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алады екен.
"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін Голландиядан ұрғашы және еркек жолбарыс әкелінді. Олар Іле-Балқаш қорығына қоныстанды. Бұл қатал ауа-райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары”, – делінген хабарламада.