Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

”Тұншықтырған”: Алматыда балабақша тәрбиешісінің жантүршігерлік видеосы тарады (Видео)

11:54, 14 ақпан 2025 688

Алматы қаласының тұрғыны 4 жасар баласының балабақшада соққыға жығылғанын айтып, полицияға жүгінген.

Бану Түлешева бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талап етті. Ол нәтижесінде сұмдық оқиғаны көрді. Кадрларда тәрбиеші баланы тұншықтырып, жан-жаққа тартып итергені анық көрінеді, деп жазады Alash.KZ.

Сондай-ақ сол сәтте бөлмеде тағы екі қызметкердің болғаны байқалады. Алайда олар болып жатқан жағдайды тоқтатуға тырыспай, өз жұмыстарын жалғастырған.

Оқиғаға байланысты өзге де ата-аналар Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына шағымданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар