Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамптың құлқынын текен - Украинаның сирек кездесетін металдары - Батыс БАҚ-тары

17:32, 20 ақпан 2025 1385

Трамптың Зеленский туралы пікірі Батыс бұқаралық ақпарат құралдарында басты тақырыпқа айналды, деп жазады Alash.KZ. 

Мәселен, «Bloomberg» басылымы Трамптың тосын мінезін былай түсіндірген:

«Трамптың соңғы күндердегі жасаған қадамдары мен сөйлеген сөздері – Укарина позициясын максималды түрде босатуға, сол арқылы бейбітшілік келіссөзіне мәжбүрлеуге бағытталған. Бұл Трамптың келіссөз тактикасы болуы мүмкін. Трамп осы арқылы Украинаны қабылдауға қиын шешімдерді қабылдауға итермелегісі келеді. Ол – Украинаның сирек кездесетін металдары туралы АҚШ ұсынған шарт. Президент Зеленский оған қол қоймаған», - деп жазады.

Ал «Reuters» басылымы АҚШ-тың Украина тағы бір шарт қоятынын болжапты. 

«АҚШ жуырда Украинаға сирек кездесетін табиғи ресурстар туралы тағы бір ұсыныс жасамақ. АҚШ президенті Трамп Украинаға минералды ресурстар бойынша жеңілдетілген ұсыныс дайындауда. Ол бойынша, Укаринаның табиғи ресурстарының қанша пайызы АҚШ пайдалануына берілетіні келіссөздерден кейін келісілетін болады. Әзірге, жалпы шартқа қол қойып, келіссөздерді бастау қарастырылған. Қазір Киевте жүрген АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлог осы ұсынысты президент Зеленскийге таныстырмақ», - деп жазады портал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар