BBC-дің жазуынша, 30 күндік келісімге келу мерзімі қатаң емес, деп жазды inbusiness.kz.
– Олар келісім жасағысы келеді. Соңғы 24 сағатта біз өте жақсы келіссөздер жүргіздік және келісімге келуіміз әбден мүмкін, – деді Трамп БАҚ өкілдеріне.
Оның сөзінше, Иран ядролық қаруға ие болмауға келісім берген және басқа да шарттарды қабылдаған. Десе де, Иран тарапы бұл мәлімдемені растамай отыр.
Осыған дейін Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Иранмен соғысты тоқтатуға және Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келесі келіссөздерге негіз болатын өзара түсіністік жөніндегі бір парақтық меморандумға жақындағанын хабарлаған еді.
Вашингтон Иранның негізгі бірнеше тармақ бойынша жауабын 48 сағат ішінде күтіп отырған болуы мүмкін. Дереккөздер әзірге ештеңе бекітілмегенін, бірақ бұл процесс соғыс басталғаннан бергі ең ілгері кезең екенін нақтылады.
Жаза кеткен жөн, соғыс 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан соң басталды.
Қазіргі құжат жобасы 14 тармақтан тұрады және оны АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер ирандық шенеуніктермен тікелей және делдалдар арқылы бірге әзірлеп жатыр.
Меморандум аймақтағы соғыстың аяқталғанын жариялап, Ормуз бұғазын ашу, Иранның ядролық бағдарламасын шектеу және АҚШ санкцияларын алып тастау бойынша 30 күндік келіссөздер кезеңін бастауды көздейді.