Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп Қазақстанға баж салығын жариялады, тізімде Ресей жоқ

Трамп Қазақстанға баж салығын жариялады, тізімде Ресей жоқ

Америка президенті Трамп 185 елге баж салығын жариялады, тізімде Қазақстан да бар, деп жазады Alash.KZ.

Ақ үй басшысы мұндай қатаң шаралар қабылдайтынын 2 ай бұрын айтқан. Жарлыққа енді қол қойды. Трамп енгізген 10%-дық баж салығы шетелден әкелінетін барлық тауарға қойылады. Кейбір елдерден тіпті әлдеқайда жоғары баға қойылған.

Мәселен, Қазақстаннан әкелінетін импорттық тауарларға 27% мөлшерінде баж салығы салынады.

Базалық тариф 10 пайызды құрайды, бірақ көптеген елдер үшін ол жоғары болып шықты.

Осылайша, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы – 34 пайыз, ЕО елдерінен – 20 пайыз, Швейцариядан – 31 пайыз, Ұлыбританиядан – 10 пайыз, Израильден – 17 пайыз, Қазақстаннан 27 пайыз болады.

Трамп ұсынған тізімде Ресей көрсетілмеген. Ақ үй басшысы бұл Америкада бұрын-соңды болмаған маңызды күн екенін мәлімдеп, тарифтердің мөлшерін көпшілікке кестеден көрсетті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 1
  • 0
  • 1
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар