«Оның Путинге қарсы ешқандай тетігі жоқ». Саясаттанушы Томас Йегер Трамптың ықпалын қалай жоғалтып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты «бір күнде тоқтатуға» уәде еткен еді, алайда бұл міндетті орындауға әлі қабілетті емес.
Трамп қызметіне кіріскеніне 55 күн өтсе де, уақытша бітімнің өзі жасалған жоқ.
Керісінше, бірнеше күн бұрын Владимир Путин АҚШ президентінің соғысты тоқтату туралы ұсынысын іс жүзінде қабылдамай тастады.
Кёльн университетінің саясаттанушысы Томас Йегер Трамптың бұл жағдайдан әлсіз күйде шыққанын айтады.
«Трамп келіссөздерде мүмкіндіктерін мүлде жіберіп алды. Ол өзінің қоқан-лоққысы жартылай ғана жұмыс істейді деп күтпеген. Украина тез келісті – бұл оңай болды, өйткені Трамптың қысым жасау тетіктері бар еді. Бірақ Путинге қарсы оның ешқандай тетігі жоқ»,– деп атап өтті Йегер BILD басылымына берген сұхбатында.
Өз кезегінде Трамп бір сұхбатында өзінің громкое обещание («дабырлы уәдесін») «сарказм» ретінде түсіндірмек болды.
«Ол “сарказм” сөзінің мағынасын түсіне ме, сенімді емеспін. Мүмкін, ол жай ғана жақтастарының мұны әзіл ретінде қабылдауын күтіп отырған болар», – деп пікір білдірді Йегер.
Саясаттанушының ойынша, Путин келіссөздерді ұзарту арқылы Батысты ыдыратуға тырысуда.
«Америкалықтар тез нәтиже күтсе, ал еуропалықтар – сенімді шешім іздейді. Ал Трамп қалай әрекет ету керектігін білмей отыр», – деп қорытындылады Йегер.