Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті: Украина тағдыры шешіліп қойды ма?

08:35, 04 шілде 2025 332

Владимир Путин мен Дональд Трамп арасында маңызды телефон әңгімесі өтті. Бір сағатқа жуық созылған диалогта екі ел басшысы Украина мәселесін, Таяу Шығыстағы ахуалды және Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың болашағын сөз етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, бұл сөйлесудің басты тақырыбы - Украинадағы қақтығыс. Дональд Трамп әскери әрекеттерді мүмкіндігінше тезірек тоқтату қажеттігін атап өтті.

Ал Владимир Путин өз кезегінде Ресейдің бейбіт, дипломатиялық шешім жолын іздеп жатқанын, бірақ “барлық қойылған мақсаттарға” қол жеткізу ниетінен бас тартпайтынын мәлімдеген.

Сондай-ақ, тараптар Сирия, Иран және жалпы Таяу Шығыстағы ахуалды саралаған. Екі ел көшбасшысының жеке кездесуі туралы нақты келісім жасалмағанымен, Ушаковтың сөзіне сенсек, “бұл бастама ауада қалықтап жүр”. Яғни, ресми деңгейде қозғала қоймағанымен, мүмкіндік жоқ емес.

Үшінші раунд өтеді делінген Стамбулдағы келіссөздерге қатысты нақты күн тәртібі бұл жолы да бекітілмеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар