Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Төзімі таусылды. Жағдай ушығып кетті": Мөлдір Мұқанның не себепті сұхбат бергені белгілі болды

11:21, 28 қараша 2025 1100

Танымал журналист Жанар Байсеміз Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуына байланысты сұхбат беруге не себеп болғанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мөлдір Мұқанның жеке өміріне қатысты мәселе қайта көтерілген сәтте осы жағдайға байланысты журналист өз көзқарасын ашық білдіріп, пікірін ортаға салды. Ол бұл тақырыпты қозғау қажеттілігін былай түсіндірді:

“Отбасы, бұл – құндылық. Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес. Қазақстандағы отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті отбасы құрады. Өзінің деңгейін жоғары қоятын адамдар неге ол жағын ойланбайды? Осы сұхбаттан кейін, қаншама әйел Мөлдірге де, маған да жазып жатыр. Мұндай жағдайда жүрген қаншама отбасы бар”.

Журналистің баяндауынша, ел арасында қауесет тарағалы бері Мөлдір Мұқан әртүрлі БАҚ өкілдері сұхбат құру мүмкіндігін ұсынған. Алғашында, бұл мәселеде барынша жабық болуға тырысқан проддюсер әртүрлі алып-қащпа әңгімеден мезі болып, шыдамы таусылған көрінеді.

“Мөлдірге хабарласқан журналистер өте көп болған. Бұл мәселе жан-жақтан гу-гу әңгіме болды. Әр жаққа барғанда, бұл сұрақтарды Мөлдірге қойды. Бірақ ол ештеңе жарияламаймын деді. Арада біраз уақыт өтті. Ол дүние ушығып кетті. Ол кісінің шыдамының шегі таусылды. Төзімі таусылды. Сосын кешке хабарласып: “бәрі сұрап жатыр, сізге сұхбат бергім келеді” деді. Алдында мен шақырғанмын. Мені таңдады“,- деді Жанар Байсеміз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар