Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төтенше жағдай: Ақтөбе облысының әкімшілік ғимараты өртеніп жатыр (ВИДЕО)

20:54, 07 сәуір 2026

Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан алты қабатты облыстық әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді, деп жазады Alash.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялау шаралары ұйымдастырылды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникалары жедел жетіп, өртті толық сөндіруге кірісті. Мамандар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, жалынның өзге аумақтарға таралуына жол бермеу үшін өрт оқпандарын қолдануда. Қалыптасқан жағдайды үйлестіру мақсатында арнайы жедел штаб құрылды.

«Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Құтқарушылар нысанды толық тексеріп, өрттің шығу себептерін анықтауға кіріседі. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар