Түркістан облысында 6 ер адам мүгедек жігітті зорлаған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Orda.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Не молчи» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Екі күн бұрын жігіттің туыстары қоғамдық қорға жүгінген. Мүгедек жігіт - 24 жаста. Оның ақыл есі шамамен 3-4 жастағы баламен тең деп бағаланған. Ол санауды білмейді, күн мен уақытты ажырата алмайды, сәби сияқты ойлайды. Ал жігіттің отбасы Шымкенттен екі сағаттық жерде тұрады екен.
«Біз осындай зорлық оқиғалардағы бірінші рет әділ ата-ананы көрдік» деп жазды қоғамдық қор.
Кейін анасы арыз жазған. Өтініш алдымен қабылданбаған. Полиция жігіттің анасына бұқаралық ақпарат құралдарымен сөйлеспеу және таратпау керегін айтып, айыппұлмен қорқытқан. Енді «Не молчи» қоры бүкіл жауапты адамдардың бұл істі майшаммен қарауын талап етіп отыр. Әрі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевадан бұл отбасыға толық қолдау көрсетуді сұрады.