Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төреғали Төреәлі алғаш рет тұңғыш қызының ауыр диагнозы туралы ашық айтты (ВИДЕО)

21:07, 21 қараша 2025 376

Әйгілі әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреәлі қызындағы диагноз туралы алғаш рет қалай білгенін айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі 2015 немесе 2016 жылдары Баян Алагөзова жүргізген жобада жүргізуші болған кезін еске алды.

«Сахнаға шығар алдында телефоныма хабарлама келді. Ол кезде қызым Қаусардың аты Томирис болатын. “Томиға ДЦП диагнозы қойылды” деген жазу тұрды. Сол сәтте біреу үстіме су құйып жібергендей сезім болды. Сол мезетте қандай күй кешкенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес.Сахнаға қалай шыққанымды, шараны қалай өткізгенімді мүлдем есімде жоқ. Сол кезде-ақ маған атақ қызық болмай қалды. Өмірім өзім қалағандай өрбімегендей сезіндім. Бірақ Алланың өз жоспары бар екен. Қазір түсінемін, бұл – Құдайдың сынағы емес, сыйы болған. Қызымыз – отбасымыздың гүлі. Бүгінде Раббым маған беріп жатқан бақ-береке – бәрі қызымның арқасы деп ойлаймын», – деді ол.

Төреғали қызына арнап ән де шығарғанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар