Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тоқтамаймыз! Ой қорытудың уақыты да жетіпті»: Төрехан Сабырхан Жапониядағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады (ФОТО)

17:08, 09 қазан 2026

Әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы әрі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Төрехан Сабырхан Жапонияда өткен додадан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне арнап әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Былғары қолғап шебері ел қоржынына 12 жылдан кейінгі түсірген алтын медалі туралы ой қорытып, бұл жеңістің оңайлықпен келмегенін жеткізді.

Төрехан Сабырхан: «Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Көптен күткен Азиада өз мәресіне жетіп, елге оралып, ой қорытудың уақыты да жетіпті. Бұйырып, Жапония жерінде, араға 12 жыл салып, ел қоржынына алтын жүлде салдым. Бұл үлкен еңбектің арқасы деп білемін. Азия ойындарына барардың алдында біраз әңгіме болғанын да білесіздер. Сондықтан бұл сайыстың жөні де жауапкершілігі де басқаша болды. Дегенмен еңбек пен маңдай тердің арқасында, бап пен бақ қатар шауып, нәтиже көрсете алдым», — деп ағынан жарылды.

Сонымен қатар, жас спортшы бұл жетістікпен шектеліп қалмай, алдағы үлкен додаларға дайындықты бастайтынын баса айтты.

«Азиада алтынымен тоқтамаймыз! Алда елімізде өтетін Әлем чемпионаты бар. Одан әрі Олимпиада. Енді бұйырса осы жарыстарға дайындаламыз, Алла сәтін салса көк туды асқақтата көтеретін кездер алда! Мені әрдайым қолдап, жігерлендіріп отыратын еліме, жанкүйерге мың алғыс. Бірге біз әлі талай шыңды бағындырамыз!» — деп сөзін түйіндеді Чемпион.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар