Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тоқал алуды “жетістік” деп ұлықтауды доғарыңдар!”: Нұрлан Имам екінші әйел алатындарды сынға алды (ВИДЕО)

18:37, 10 қараша 2025 73

Имам Нұрлан қажы Байжігітұлы  елдің қызу талқысына түскен тоқал тақырыбын көтеріп, көпшілікті екінші әйел алуды ұлықтай беруді доғаруға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Нәпсіге беріліп, қатын, қатын, екінші, үшінші қатынды айта беріп, екінші, үшінші қатынды, тоқалдықты ұлықтай бергендіктен, кешегі біздің жылап жатқан қыздардың көз жасына, сол айтқан кісілер, сіздер кінәлісіздер.

Айтатын шариғатың да, сөзің де, қазақтың болашағы, тіл, дініміздің күйі, ғибадаттың ахуалы қандай күйде екенін айтпастан, біздің іріп-шіріп жатқан дүниені айтпай, екінші қатын алуды айту, соны бір жетістік қылып айтуға болмайды», — деп түсіндірді имам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар