Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Мәскеуге келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық іс-шара 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
Дереккөз