Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Оңтүстік Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп жазады Alash.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Айта кетейік, 12 қыркүйек күні Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Онда Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздесіп, АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады.