Қазақстанда мектеп оқушылары үшін БЖБ мен ТЖБ жүйесі толығымен жойылатын болды, деп жазады Alash.kz.
Бұған дейін «Ашық НПА» порталында талқыланған жиынтық бағалаудан бас тарту бастамасына қатысты Оқу-ағарту министрі ресми мәлімдеме жасады. Министр білім беру жүйесіндегі бұл өзгерістердің біртіндеп жүзеге асатынын хабарлады.
Министр бастауыш сыныптардағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға жеке тоқталды:
«Биыл біз бастауыш сынып бағдарламаларына толық талдау жүргіздік. Оның мазмұнын да, бағалау жүйесін де қайта қарадық. Енді БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Біз қалыптастырушы бағалаудың рөлін арттырып жатырмыз», — деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, реформа ең алдымен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды. Ал келесі оқу жылынан бастап БЖБ мен ТЖБ жүйесі 5–9 сыныптарда күшін жойса, 2028 жылы 10–11 сыныптар үшін қайта қарау жоспарланған.