Жапония астанасы Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды. Қалада нөсер жауын құйып тұр. Бұған қоса электр жарығы өшкен. 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Қазақстан Телеарнасына сілтеп.
Дауылға байланысты елде 500-дей ішкі әуе рейсі доғарылған. Бұл 100 мыңдай жолаушыға әсер етті.
Ал елдің шығысы мен солтүстік-шығысында жүрдек пойыз қатынасы шектелген.
Елдің метеорология агенттігі су тасып, лай көшкіні жүруі және күшті қатты жел соғуы мүмкін екенін ескертіп отыр.