20 жастағы Нигина Жағыпарова Алматы облысының Талғар ауданындағы аурухананың көмегіне жүгінгеннен бірнеше сағаттан соң көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Марқұмның отбасының ойынша, бұған қабылдау бөлімінде салынған препараттардың әсері себеп болуы мүмкін.
Orda.kz хабарлауынша, оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Нигина кеудесінің қатты ауырып жатқанын сезіп, әжесін оятқан.
«Ол өзінің көкірегі қысып тұрғанын әжесіне айтып, таңғы сағат бестің шамасында ауруханаға барған. Дәрігерлер талдау алып, электрокардиограмма мен рентген жасады. Анализдері таза, ЭКГ-да жақсы. Бірақ рентген қолқа ға суық тигенді көрсеткен. Содан кейін қызға сол жерде, қабылдау бөлмесінде преднизолон және басқа да бір препараттар салды. Бұл ауруды басу үшін екенін айтты», - деді Нигинаның ағасы Рехимжан Мусаров.
Кейін қызды үйіне қайтарып жіберген.
«Оларға пульмонолог керек екенін айтқан, алайда бізде ондай нәрсе жоқ. Әжесі екеуі үйге қайтып кейін олар маған хабарласты. Мен оларға қайтадан ауруханаға баруды, дәрігерлермен қызды ауруханаға жатқызу туралы өзім сөйлесетінімді айттым. Пневмониямен ауырып жатқан адамды қалайша жібере салуға болады? Шамалы уақыт болсын, ондай аурумен ауырып тұрған адамға қарайласу керек қой», - деді ол.
Нигина ауруханаға баруға келіскен, алайда сәл көз іліп ұйықтап алатынын айтқан.
«Кейін маған оның әжесі хабарласып, қызды оятайын десе, ешқандай да реакция жоқ екенін айтты. Мен үйге жедел жәрдеммен бірге кірдім. Үйге кірсем - қыз қайтыс болған».
Нигина Жағыпарова өзінің әжесімен және туған ағасының отбасымен бір үйде тұрған. Оның ата-анасы басқа қалаға көшіп кеткен, ал өзі жеке кондитерлік мекемеде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол өзінің сәуірде болатын тойына дайындалып жүрген.
Отбасының айтуынша, Нигинаның дені сау болған. Олар ауруханаға түскен кезде талдаулар мен кардиограммасы жақсы болған қыздың қалайша жан тапсырып кетуі мүмкін екенін түсінбей дал.
«Менің нұсқам бойынша, өлімнің себебі оған салған препараттар деп топшылаймын. Мүмкін оған жақпайтын реакция берді ме?! Мен анализдерді өзімнің таныс дәрігерлерге көрсетіп едім, олар барлығының таза екенін айтты. «Егер мәселе жүректен болса, онда неге тексермеген» деді».
Нигинаны ақтық сапарға 12 қаңтар күні шығарып салды. Қазір оның отбасы өлімнің нақты неден екенін анықтайтын сараптамалық жұмыстардың жауабын күтіп отыр.
Талғар орталық аудандық ауруханасы қызға барлық қажетті көмекті көрсеттік деп сендіріп отыр. Емхана әкімшілігінің мәліметінше, науқас стационардан қанағаттанарлық жағдайда шыққан.
«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала мәліметтері бойынша, өлімге тамырлардың өткір патологиялық жағдайы, атап айтқанда жүрек тампонадасы себеп болған. Ол қолқа аневризмасының көп қабатты жыртылуы нәтижесінде дамыған», - деп жауап берді.
Бірақ өлімнің нақты себебі сараптама толық аяқталған соң белгілі болады. Полиция өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Медицина қызметкерлері Нигинаға дұрыс көмек көрсетті ме, жоқ па, тергеу соны анықтайды.