Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тойдағы ысырапшылдықты азайтып, 300-400 адамды шақыруды қою керек - Дәулет Мұқаев (ВИДЕО)

18:51, 03 қазан 2024 725

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев тойдағы ысырапшылдықты тоқтатып, 300-400 адам шақырып, үлкен той жасауды доғару керектігін көтерді. Бұл туралы экономист «Хабар» арнасының «Талқы» бағдарламасында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Дастарханның өзін қарайықшы. Әйтеуір бәрі тойып жеу керек, толып тұру керек. Содан кейін 6 сағат отырамыз. Дастарханнан көп жағдайда тамақ артылып қалып, оны пакеттерге бөліп таратады. Кейбір адамдар 2-3 пакеттен алып кетеді. Ер-азаматтардың өздері дастархан басында әйелдермен бірге жанталасып жатады. Біріншіден, дәл осы тамаққа келгенде ысырапшылдықты азайтуымыз керек. Екіншіден, тойға 300-400 адам жинайды. Сен олардың бәрін танымайсың. Тойға тек жақындар жиналуы керек. «Ананың, мынаның көңілі қалмасын», «Ұят болмасын», «Ренжіп қалмасын» деп 200-300 адамды жинап аламыз. Пандемиядан сабақ алуымыз керек еді. Пандемия кезінде мейрамхананың артқы есігінен тығылып кіріп, 50-80 адамға той жасағандар болды. Пандемиядан кейін осы үрдіс сақталып қала ма деп ойлап едім. Бірақ жоқ, біз қайтадан сол бұрынғы той жарысына кірісіп кеттік»,- деді Дәулет Мұқаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар