Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ТЖМ: Халықты қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінді

14:57, 04 наурыз 2024 334

ҚР ТЖМ мәліметінше, "Жедел желі" телефон желісіне ақпараттық сипаттағы 128 қоңырау түскен.

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді.

Қазіргі уақытта ғимараттар мен құрылыстардың, жол инфрақұрылымының, гидротехникалық құрылыстардың және т.б. бұзылу-бұзылмауын тексеру жұмыстары жалғасуда. Халықты қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінді. Алматының аудан әкімдіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті құрылды: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында. Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Халықты қабылдау пункттерінде 371 адам, оның ішінде 39 бала бар, делінген хабарламада.

Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ әуежай мен теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар