Алматы шетінде сөмкеден табылған әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Марқұмның анасы 39 жастағы қызын азаптап, аяусыз өлтіргенін айтады, деп хабарлайды Alash.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Марқұмның денесі табылғаннан екі күн өткен соң күдікті ұсталды. Анасының айтуынша, күдікті қызының бірге жалдамалы пәтерге барғанын айтқан.
Бірақ ер адам пәтерден тек үш күннен кейін шығып, қолында үлкен қаппен қайта оралған. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.
“Менің ойымша, мұны бір адам істеген жоқ. Оның бетінде сау жер болмады. Алғашында мен оны танымай қалдым. Көздерін, тістерін – бәрін сындырған. Күдікті олардың ішімдік ішуге барғанын және қызының душқа кіріп, құлап қалғанын айтып отыр. Ол қорқып, денесін тастап кеткенін айтты. Бірақ неге оның денесі көгеріп, жарақаттарға толы?” – дейді марқұмның анасы Жанна Тұрсынбаева.
Әйел қызының өліміне жалдамалы пәтердің иесі де қатысы бар деп есептейді.