Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тиісті өкімге өңір әкімі қол қойды: Ақмола облысында бір күнде екі әкім қызметінен босатылды

16:08, 21 қыркүйек 2026

Ақмола облысында бір күнде екі әкім қызметінен босатылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тиісті өкімге облыс әкімі Марат Ахметжанов қол қойған.

«Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы және Аршалы ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда олардың орнына кім тағайындалатыны әзірге белгісіз. Әкімдердің қызметтен босатылу себептері туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар