Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тергеу басталып кетті". Ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

11:39, 16 қазан 2025 110

Қаржылық мониторинг агенттігі ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазды  Alash.kz ұлттық порталы. 

Turkystan.kz порталының жазуына қарағанда, бұл туралы Сенаттағы брифинг барысында Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

«Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары басталды. Іс кеше немесе алдыңғы күні тіркелді. Олар (Жанәбіловтер) елде», — деді Елемесов.

Оның айтуынша, материалдар апелляциялық сотта қаралғаннан кейін ҚМА-ға түскен.

«Сот шешім шығарған соң әкімшілік іс материалдары бізге жолданды. Сот қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін анықтады. Тергеу мерзімін қазір нақты айту қиын, бірақ екі айдың ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Жеңіс Елемесовтың сөзінше, блогерлердің қызметі арқылы алынған болуы мүмкін нақты қаржы көлемін анықтау әзірге қиын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар