Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тек құранды ғана оқи бермей ғылымға да уақыт бөл». Кәсіпкер Алматыдағы жер сілкінісін «тәңіршілерден көрген» Бекболат Тілеуханға шүйлікті

14:40, 05 маусым 2024 926
Кәсіпкер, "Бизнес бастау" шеберлік сыныбының тренері Ахметбек Нұрсила бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханның "Бақсылар құрылтайынан кейін елді топан су басты, құранға тіл тигізгені үшін Алматыда жер сілкінісі болды" деген пікіріне қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы
Бекболат бауырыма бірер сұрақ:
1. Құдай қазаққа өш пе? Неге , Швецию, Норвегию, Финляндию, Мальту и Барбадос елдерінде ешқашан жерді сілкімейді, ал Қазақстандағы жерді сілкиді?
2. Құдай неге Алматыға өшігіп алған? Неге Солтүстік облыстарда жерді сілкімейді? Егер Тәңіршілдер өз құрылтайын Астанада не Көшетауда жасаса не болар еді? Сол жерді сілкиді ме, жоқ бәрібір сол Алматыға кәрін төге бере ме?Жалпы Бекболат көзі ашық, көп оқыған адамсың ғой, жердің сілкінісі жайлы ғылым не дейді екен? Ғылымды оқыған адамдардың жазғанын бір шолып шықсаң. Дінде де "Оқы, Оқы және Оқы" деген ғой. Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да бірауық уақыт бөліп, содан кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң, - деп жазды Ахметбек Нұрсила.  
 
 Әлеуметтік желіде бұрынғы депутаттың сөзіне қатысты пікір айтып жатқандардың қарасы қалың. Олардың басым бөлігі Бекболат Тілеухан айтқан пікірмен келіспейтінін білдірген: 
"Кәпір тоқ болса мұсылман тыныш " деген сөз бар бізде, бірақ сөзді Бекболат дұрыс қолданып отырған жоқ, - бұл жердегі "КӘПІР" - ол әр адамның ішіндегі қызыл иті, нәпсі, ал мұсылман дегені- рух, жан, жүрек. Аш, жалаңаш адамның жаны тыныш бола алмайды деген сөз бұл";

"Орта ғасырдың мифологиялық ертегілері, 21- ғасыр адамдарына өтпей қалғанын осылар әлі түсіне алмай жүрген сияқты";
 
"Бірақ, бұл кісі түк те білімсіз адам емес қой. Осылай айтуына не себептер сонда?";
 
"Мынаның өресі тым төмен екен.
Біріншіден жер дүниені жаратқан Алла болса,
Онда ол неге өзі жаратқан адамды екігебөліп, мұсылман-кәпір қылып қойған?
Кәпірге әлі келмейтін ол неғылған Алла?
Адамның ойын,аузына сөз салатын ,Алла болса.
Алла өзі жаратқан адамды түзете алмайды дегенге есі дұрыс адам сенеме?
Мұсылмандар (исламистер) сүнит-шейіт болып соғысып жүр неге?
Исламның 73 ағымының басы неге бірікпейді?
Кәпірді жаратқан кім,Алла емес пе??
Бұл жерде сұрақ көп...";
 
"Жасы келгенде Бекболатта алжиын деді. "Аңқау елге арамза молда" - деген мақал есіме түсіп отырғаны" деп жазды оқырмандар. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар