Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Техникалық ақау": блогер жұлдыздардың қарызы өтірік болып шықты ма?

16:54, 21 ақпан 2025 269

93 блогерге жіберілген салық хабарламалары кері қайтарылды. Ал мемлекеттік кірістер комитеті оның себебін түсіндірді, деп жазады Alash.KZ.

"2025 жылғы 19 ақпанда 594 блогерге жіберілген 53,3 млрд теңгенің 1 014 салық хабарламасының ішінде жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылды. Оның себебі хабарламаны жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақау шықты", - деп түсіндіреді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі өкілдері.



Еске сала кетейік, 18 ақпанда Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері блогерлерге кірісін төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілгенін хабарлаған еді. Құзырлы органдағылар 594 тұлғаға қатысты 53,3 млрд теңгеге ауытқушылық анықталғанын мәлімдеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар