https://adyrna.kz/post/28281
Өздеріңіз білесіздер Иранда 22-жастағы Махса Аминиді хиджапты дұрыс тақпадың деп полицейлер ұрып өлтірді,соған наразылық ретінде Иранның ірі қалаларында жалпыхалықтық митингтер әлі де толастамай тұр.
Ал Иранның діни басшылығы әлеуметтік теңсіздік пен әйелдердің құқын қорғаудың орнына бейбіт демонстранттарға қарсы күш қолданып,Ресейге азат Украинаны бомбылау үшін дрондар сатып жатыр.
Ең сорақысы қауға сақал шииттік имамдар қулыққа басып, Иран Ислам Республикасының ресми сайты саналатын аталмыш parstoday порталының клоны ITOLQYN.COM атты діни-саяси миссионерлік бағыттағы сайтты қайтадан реанимация жасапты.
Айтпақшы, Қазақстанда ресми Анкара (суфизм) мен Эр-Риядтың (салафизм) да қазақ тілінде, яғни ҚР аумағында сайт-порталы жоқ екен.
Бірақ ресми Тегеранның (шиизм) Қазақстанда пропагандалық сайтына ҚР құзыретті органдары тиым сала алмаймыз депті,атап айтқанда менің ҚР Бас прокуратурасынан аталмыш теократиялық бағыттағы проирандық ITOLQYN.COM порталын ҚР аумағында тез арада бұғаттауын өтінемін!-деген өтініш-хатыма ҚР ақпарат және даму министрлігі төмендегідей👇 жауап беріпті..
Әділдігін өздеріңіз берерсіздер!!!
Тұрарбек Құсайынұлы